Жаңалықтар

2019 жылы 1 маусымда Батыс Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Жаз, Балдәурен, Bookfriends" атты мерекелік шара өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған республикалық "Рухани қазына -2019" байқауының "Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы" 

02.05.2019

 

2019 жылдың 26 сәуір күні Теректі ауданында  Батыс Қазақстан облыстық  зағип  және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы және  «Қазақ соқырлар қоғамы» БҚО филиалы ұйымдастыруымен «Мейірімділік жолымен»  жобасы  аясында Теректі аудандық  Достық үйінде «Жүректен жүрекке» концерттік бағдарламасын ұсынды.

02.05.2019

 

27 сәуір күні облыстық арнайы кітапхананың мамандары № 8 Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектепте өткізілген Наурыз-мейрамына  қатысты.

Облыстық арнаулы кітапханада тұңғыш Президент, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына екі жыл толуына және биыл жарияланған жастар жылына орай, «Кітапхана – жастар территориясы» кітапханалық жоба аясында, «Жалынды жастар» клубының «Рухани жаңғыру» – жастар көзімен» атты шара үш тілде өткізілді. 

2019 жылдың 19 сәуір  күні  Тасқала ауданында Батыс Қазақстан облыстық  зағип  және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы және  «Қазақ соқырлар қоғамы» БҚО филиалы ұйымдастыруымен «Мейірімділік жолымен»  жобасы  аясында Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Тасқала арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, «Жүректен жүрекке»  бағдарламасы ұсынылды.

2019 жылдың 17 сәуір күні облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасына 50 жыл толуына орай кітапхана қызметкерлері № 26 Тұлпар бөбекжайында «Ертегілер еліне саяхат» атты ертеңгілік ұйымдастырды.