Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі қазақ халқын ерекше қуантты. Домбыра күнінің мерекеге айналуы - көнеден жеткен асыл қазынамызға, ұлттық мұрамызға берілген лайықты баға.

 

«Өнерде өрге жүзгендер» кітапханалық жобасы аясында

 

1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра үні – жүрек үні» - атты күй кешін назарларыңызға ұсынамыз! Күй кешінің қонағы - Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестірінің концертмейстері Аңсар Қатимоллаұлы Бердіғалиев.