Кітапханамыздың кітапханашысы Гүлмайра Саменова, Шығыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы ұйымдастырған республикалық байқауға қатысып, 2 орынға ие болды. Бұл байқау Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толуына арналған. Құттықтаймыз!!!

Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Кешірім Бозтаевтың «Семей полигоны – «Қайнар» қасіреті» кітабына буктрейлер жасалды. Кітапта Семей полигонының тарихы: халық пен табиғатқа тигізген зардабы, оны жабу жолында күрескен қайраткерлердің еңбектері туралы толық баяндалған.
Буктрейлер - кез келген еркін немесе көркем формадағы кітап туралы баяндайтын қысқа бейне. Буктрейлердің басты міндеті - оқырманды қызықтыру және таң қалдыру, оқиға желісіне және көркем шығарманың кейіпкерлеріне назар аударту. Буктрейлердің ұзақтығы 3 минуттан аспайды.