Қазақ халқының рухани дүниесінде күй өнерінің алатын орны ерекше. Күй-қазақ халқының рухани болмысының, мәдениетінің, дүниетанымының тұғыры биік асыл мұрасы.

Қазақстан Республикасының халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі, профессор, дәулескер күйші  Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмеловтің туғанына 70 жыл толуына орай, «Өнерде өрге жүзгендер» жобасы аясында кезекті сұхбат кешімізді ұсынамыз.

Кеш қонақтары - елімізге  танымал әнші-термешілер, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері, Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары Дастан Наурызбайұлы Есентеміров  және Ернар Мақсотұлы Өмірәлі.