Құрметті оқырмандар! Қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде Отбасы күні аталып өтілетіні белгілі.

Назарларыңызға «Нұршуақ» отбасылық клубының кезекті «Отбасы тәрбие тірегі» әдеби кешін ұсынамыз.

Шара мақсаты- кітапханамыздың көз мүгедектігі бар жас оқырман отбасыларымен атаулы күн қарсаңында отбасы құндылықтары туралы пікір алмасып, кішкентай оқырмандардың өнерлерін тамашалап, мәдени-рухани демалыс ұйымдастыру, кітапханаға тарту болатын.