«Мейірбандылық күндері» облыстық қайырымдылық айы аясында кітапханамызда «Мейірбандылық - асыл қасиет» қайырымдылық кеші оздырылды.

Шара мақсаты- кітапхана оқырмандарына рухани-мәдени демалыс ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болатын.

Кеш кітапхана қызметкерлерінің орындауындағы «Біз біргеміз» әнімен ашылды. Сөз кезегін алған кітапхана директорының м.а. М.К. Айткалиева  кітапхана оқырмандарына ізгі тілегін білдіріп, шараға сәттілік тіледі. Әрі қарай кеш жүргізушілері  Қайырымдылық айының маңызы мен мақсаты туралы айтып  өтті. Шара барысында музыка мектебінің өнерпаздары Е.Сертеков пен А. Нуркешева күмбірлете күй ойнаса, «Ақсұңқар»  домбырашылар ансамблі мен термешілер ансамбілінің орындауында  халық әндері шырқалды. Сонымен қатар кітапхана оқырмандары М.Айтқалиев пен А.Қуанышқалиев, кітапхана қызметкері К.Айтпаев әсем ән тарту етті.   

Кітапхана оқырмандары мен қызметкерлерінің сомдауымен «Әке қадірі» көрінісі назарға ұсынылды.

Қайырымдылық  кешіне атсалысқан қатысушылар мен музыкалық жетекшілер кітапхана атынан алғыс хаттармен марапатталды.