13-қараша Халықаралық зағиптар күніне орай облыстық арнаулы кітапханада «Жүрекпен сезем жаһанды» -  «Видеть мир сердцем» әдеби музыкалық кеш оздырырылды.

         Шара мақсаты- атаулы күннің қоғамдық мәні мен мағынасын түсіндіру және насихаттау,  көру қабілеті шектелсе де, өмірге деген құштарлықтары шексіз жандардың ерекше мүмкіндіктерін көрсету, кітапхана оқырмандарына рухани демалыс ұйымдастыру.

         Кешке Рада Хайрушқызы Хайрушева жетекшілік ететін «Аялы алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының ерікті жасы Даурен Гумаров қатысып, ерекше балалардың туындыларынан жасақталған сурет көрмесін  келушілер мен шара қонақтары назарына ұсынды.

         Шараның  «Жеңімпазбен сұхбат» бөлімінде  ештеңеге қарамастан, түрлі салада биік белестерді бағындырып жүрген жас өрендер М. Мырзашев пен Ш. Изкулова өз жетістіктері туралы ой бөліссе, брайль қарпін меңгерген брайлист-оқырмандар Ж.Турашев пен А.Аманжанқызы және кітапханашы А.Салауатова «Брайльша оқимыз» бөлімінде ұлы Абайдың қарасөздерін брайльша оқып, өз білімдерін көрсетті.

         Өнерде жүрген өнерпаз Ш.Сәкенұлы мен кітапхана қызметкерлері Т. Қалиолла, К.Айтбаев кешті әсем әнмен әрлеп, кітапхананың белсенді  оқырманы Т.Горшкова  мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті Б.Хожамедов жыр тарту етті.

         Шара соңында кітапхана директорының м.а. М.К.Айткалиева атаулы  күнге орай ұйымдастырылған шараға қатысып, ерекше балалардың өнерін насихаттап  жүрген «Аялы алақан» қоғамдық қайырымдылық қорына ризашылығын білдіріп, кітапхана атынан Алғыс хат табыс етті.