«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихына 30 жыл»

дауыстап оқулар циклы

Кітапханамызда еліміздің тәуелсіздік тарихын тереңнен тани түсуге, тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері туралы насихаттауға бағытталған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  тарихына 30 жыл» атты дауыстап оқулар өз жалғасын тауып келеді.

Кітапхана қызметкерлері 17 қараша күні облыстық «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы қызметкерлеріне дауыстап оқу өткізді.

Атап өтер болсақ: азаттық алғалы бері әлемдік білім бәйгесінде жас өрендеріміздің көрсеткен жоғарғы көрсеткіштері, жетістіктері туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 211-ші нөмірінде жарық көрген мақалалар, сонымен қатар белгілі қаламгер К.Адырбектің «Тәуелсіздікке талпыныс» кітабынан Желтоқсан оқиғасы жайлы деректер мен мәліметтерден үзінділер оқылды. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Алтын ғасыр» кітабынан халқымыздың біртұтас ұлт құруы, әлемдік аренаға шығып, дамыған елдер қатарына қосылуда жасаған қадамдары жайында жазған жазбалары насихатталды. Аталған кітаптың «Өлеңдер» бөлімінен кітапханашы Т.Қалиолла «Мәңгілік ел», «Мәңгілік мұрат», «Мәңгілік халқым» туындыларын оқып берді.