30 қараша күні  кітапхана облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп интернатында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай, «Менің Тұңғыш Президентім» патриоттық сағаты оздырылды.

         Шара мақсаты - жас ұрпаққа еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халық мүддесі жолында сіңірген еңбегі, атқарған келелі істері туралы айта отырып, оларды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуге атсалысу болатын.

         Шара ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Әрі қарай Тұңғыш Пезидент Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны, балалық шағы, кітапқа деген сүйіспеншілігі, еңбек жолының басталуы және туған елін дамыған елдер қатарына қосу жолында атқарған еңбегі туралы айтылды.

         «Мен елімнің ұланымын» атты викториналық сұрақтар кезеңінде балалар ел мен жер, халық құндылықтарына қатысты сұрақтарға жарыса  жауап беріп, белсенділік танытты.

         «Адасқан мақал жолдары» сергіту ойынында балалар патриоттық тақырыптағы мақалдардың жалғасын тапса, «Егер мен Президент болсам» деген сауалға жауап берген балалар өз арман-тілектерімен бөлісті.