8 желтоқсан күні «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  тарихына 30 жыл» тақырыбындағы кезекті дауыстап оқулар циклында «Егемен Қазақстан» газетінен Б.Қайратұлының ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығы жайында сөз қозғалатын «Жаңғыру- ел дамуының жасампаз қағидасы» мақаласы, еліміздегі және өңіріміздегі өнеркәсіп саласын дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстар, жаңалықтар жөнінде  «Жайық үні», «Егемен Қазақстан» газеттерінен мақалалар оқылды. Сонымен қатар «Казахстанская правда»  мерзімді басылымынан «Семь устоновлений казахов» атты тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Сұлтановпен болған хандық дәуірдегі «Жеті жарғы» жөнінде айтылатын сұхбатынан үзінділер оқылды.

Дауыстап оқуға кітапхана оқырмандары қатысты.