«Жемқорлыққа жол жоқ!» акция

9  желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстық арнаулы кітапханада «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты акция оздырылды.

Акцияның мақсаты – жастарға «сыбайлас жемқорлық»  ұғымының мән-мағынасы туралы айтып,  оны болдырмауға , елжанды болуға шақыру және өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға, әділдікке тәрбиелеу болатын.

Акция барысында «жемқорлық» сөзі туралы түсінік беріліп, онымен күресте отбасы мен қоғамның алатын орны жайында айтылды. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары мен болдырмау жолдары туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар «Жемқорлықсыз әлем» атты тренинг өткізіліп,  акция жастардың «Жемқорлыққа жол жоқ!»  атты ұранымен өз мәресіне жетті.

«Сыбайлас жемқорлық- қауіпті кесапат» кітап көрмесі де назарға ұсынылды.