«Діндарлық – қалыпты, дінсіздік қауіпті»  дауыстап оқу

         Облыстық арнаулы кітапханада оқырмандарға діндарлық, дінсіздік туралы толық ақпарат беру мақсатында  «Діндарлық – қалыпты, дінсіздік қауіпті» атты тақырыпта дауыстап оқу ұйымдастырылды. Кітапхана қорындағы дін тақырыбындағы кітаптардан, энциклоподиялардан құнды ақпараттар берілді. «Ислам» энциклопедиялық анықтамалығындағы «имандылық» туралы айтылған түсініктемелерге тоқталып, ақпараттық қоғам тұсында дәстүрлі дінмен біте қайнасқан этно­мәдени болмыс, ұлттық рең, дәстүрмен сабақтастығы жөнінде мәліметтер айтылды.Сонымен қатар дауыстап оқу барысында оқырмандар да аталған тақырыпта  өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.