15 сәуір күні  облыстық арнаулы кітапханада  «Адал еңбек мұратқа жеткізеді»  сұхбат   кеші оздырылды.

 

Кеш барысында түрлі салада аянбай еңбек етіп, ел мүддесі мен  адал еңбекті бәрінен биік қойып, өскелең ұрпаққа өнеге боп отырған, Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері, кітапхананың байырғы оқырмандары -  Теміржан Исмагулов  және  Темірғали Жұмағалиевпен  сүбелі сұхбат жүргізілді. Шараға кітапхана оқырмандары мен Орал «Сервис» технологиялық колледжінің студенттері қатысты. Кеш қонақтары еңбек жолдарының басталуы, өмірлік ұстанымдары, мамандық таңдаудың маңыздылығы, еңбектің адамзатқа берер пайдасы жайында әңгіме өрбітіп, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Шара соңында жиналған жастарға ақ баталарын жолдады.