«Арнаулы кітапхана – мәдени инклюзивті кеңістікте»

кітапханалық диалог алаңы

         27 сәуір күні облыстық арнаулы кітапханада  «Арнаулы кітапхана – мәдени инклюзивті кеңістікте» кітапханалық диалог алаңы ұйымдастырылды.

         Негізгі мақсат - қоғамда инклюзивті қарым-қатынас орнатуда арнаулы кітапхана және кітапханамен тығыз байланыста жұмыстанатын мекемелердің атқарып жатқан қызметтері, аталған бағыттағы жоспарларымен бөлісіп, ұсыныстарын талқылау болатын. Шараға кітапханамен серіктес мекемелер мамандары және Zoom платформасында онлайн түрде аудандық ОКЖ-дегі мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстанатын кітапханалық пункт кітапханашылары, студенттер, жас оқырмандар қатысты. Облыстық арнаулы кітапхана директоры М.Айткалиева инклюзивті қоғам қалыптастырудың негізгі тенденцияларына тоқталып, осы бағытта кітапханамен бірге серіктестікте жұмыс атқарып келе жатқан мекемелердің алар орны  айрықша екендігін айтты. Әрі қарай кітапханалық диалог алаңының негізгі бөлімі  баяндамалар легімен жалғасты.

       Облыстық арнаулы кітапхана әдіскері Г.Саменова «Кітапханада инклюзивті мәдениет қалыптастырудың маңызы» тақырыбында жасаған баяндамасында инклюзивті мәдениет қалыптастырудағы кітапханалардың рөлі туралы айта келіп, осы бағытта серіктес мекелермен бірігіп ұйымдастырылған мәдени іс-шаралары жайында тоқталды және инклюзивті мәдени шара өткізуге байланысты  кеңестер айтылды.

          Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты кітапханасының меңгерушісі М.Дауленова  «Инклюзивті білім беру жағдайындағы  мектеп кітапханасының рөлі»  тақырыбында баяндама жасап, көру мүмкіндігі шектелген балалардың еш кедергісіз білім алуына жол ашатын мектептің арнайы жабдықтармен жабдықталуы, инклюзивті білім беруде мектеп кітапханашыларының атқаратын рөлі жайында іс-тәжірибесімен бөлісті.

         Бөрлі ОКЖ-нің мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторының меңгерушісі Г.Малбағарова «Роль инклюзивного взаимодействия в библиотечном обслуживании инвалидов» тақырыбындағы онлайн түрде баяндама жасады. Инклюзивті бағыттағы шаралар үнемі қызықты, жоғары деңгейде өтетіндігін және мұндай шаралардың креативті түрде оздырылатынын баса айтып айтып өтті.

          Кітапханалық диалог алаңының «Ашық микрофон» бөлімінде сөз алған жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының әдіскері А.Валиева мекеменің атқаратын қызметімен, алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды.

         Орал «Сервис» технологиялық колледжі кітапханасының меңгерушісі А.Ильясова, Құрманғазы атындағы Орал саз колледжінің оқытушысы Г.Тоқтарова, Батыс Қазақстан технологиялық-инновациялық «Еуразия» университетінің оқытушысы Г.Бегилова, Орал қалалық кітапханалар жүйесі №6 филиалының кітапхнашысы Б.Жолтаева, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы кітапханасының меңгерушісі Г.Жаумбаева инклюзивті бағытта атқарылып жатқан жұмыстары жайында айтып өтті. Барлық қатысушы  мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қызметтік бағыттарына қатысты сұрақ-жауап алмасты.

          Сонымен қатар шара барысында тренинг-тайм ұйымдастырылып, «Қызықты есеп», «ИнклюзияHouse», «Жадыңыз жақсы ма?» секілді жаттығулар, тренингтер  ұйымдастырылды. Ал, кітапхана жанынан жұмыстанатын «Ақниет» шығармашылық клубының жастары М.Мырзашев пен Ш.Изкулова шара қатысушылары үшін әдеби караоке өткізсе, жас өнерпаздар А.Қуанышқалиев өз туындыларын оқыды, Ш.Сәкенұлы  әсем ән шырқады.

         Кітапханалық диалог алаңы жұмысын қорытындылай келе, барлық қатысушылар айқын мақсат пен бағдарлы бағыт- теңқұқылы қоғам, инклюзивті орта қалыптастыруда серіктестікте жұмыстанудың маңызы ерекше және әрі қарай да өз жалғасын таба бермек  деген ортақ пікірмен тұжырымдады.