«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы»

30 мамыр күні облыстық арнаулы кітапханада «Сырласу» қыз-келіншектер клубы мүшелерінің қатысуымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына байланысты «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» атты тақырыптық сағат оздырылды. Шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен балалық шағы туралы ақпараттар беріліп, шығармашылыққа бетбұруы, елдің қоғамдық өміріне етене араласуы жөнінде айтылды. Жұбайы Бадрисафамен бірге өткізген қиындыққа толы тағдырлары, өз өмірлерін халық болашағы үшін күреске айырбастауы туралы айтылды. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы жетекшілік еткен «Қазақ» газеті мен оның ел өмірінде атқарған қызметі жөнінде бейнесюжеттер де оқырмандар назарына ұсынылды. Сондай-ақ, оқырмандар ұлы тұлғаның ұлағатты сөздеріне тоқталып, ақын өлеңдерін оқыды.