4 маусым - Қазақстан Республикасының рәміздері күніне және рәміздердің 30 жылдығына орай «Рәміздерім – елдігімнің белгісі» атты париоттық брейн-ринг ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты - өскелең жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеп, өз елінің патриоты болуға дәріптеп, мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін арттыру болатын.

Патриоттық брейн-рингкке А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының және №5 ЖББОМ-тің жазғы лагерь демалушылары қатысты. Шара ҚР-ның мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Әрі қарай ҚР-сы Мемлекеттік рәміздерінің қабылдану тарихы туралы және алғашқы рәміздердің пайда болуы жайында аңыз айтылды. Елтаңба, Ту, Әнұранның авторлары, «Қазақстан тарихы» порталынан алынған рәміздер жайындағы қызықты ақпараттар, елордамыз – Нұр-Сұлтанда орналасқан Үлкен Ту хақында мәліметтер берілді. Сонымен қатар балалар «Formation-тур», «Блиц-тур», «Нағыз патриот» деп аталған брейн-ринг кезеңдерінде рәміздер тарихын тани түсуге арналған түрлі тапсырмалар орындап, өз білімдерін де ортаға салды. «Көк Тудың желбірегені» әнін қосыла шырқаған шара қатысушылары «Патриоттық брейн-ринг шарасынан қандай әсер алдым?» атты рефлексия сауалына белсене жауап беріп, Отанға, туған елге деген ізгі тілектерін білдірді.