Облыстық арнаулы кітапхана Балалар жылына орай республикалық «Балалар игілігі үшін» акциясы аясында «Баланы құттықта!» челленджін қолдау мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының күндізгі жартылай стационар бөлімшесінде тәрбиеленіп жатқан балалар назарына «Балаларға - жылы жүректен» атты құттықтау сағатын ұйымдастырды.

Алғашқы сөз кезегін алған кітапхана директоры М.К.Айткалиева биылғы Балалар жылының жариялану маңыздылығына тоқталып, кітапхананың кішкентай достарын балалар күнімен құттықтап, жас ұрпақты оқуға, кітаппен дос болуға дәріптеу мақсатында балаларға арналған иллюстративті кітаптарды сыйға тарту етті.

Әрі қарай көңілді шара барысында балалар көңілді кейіпкердің «Сиқырлы сандықша ұсынады» бағдарламасы аясында «Hi, балақай!», «Ертегім менің, ертегім», «Көңілді confusion» тақырыптарында қызықты тапсырмалар орындап, «Biblio-Assorti» кітап көрмесіндегі түрлі кітаптармен танысты. Сонымен қатар «Ақымақ қасқыр» қазақ ертегісіне қолқуыршақ театрының қойылымы балалар назарына ұсынылды.

Шара соңында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы директорының орынбасары Ж.Т.Алимова балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған игі шара үшін алғысын білдірді.