Облыстық арнаулы кітапхананың сыртқы алаңында балаларға арналған  «Кітап - мәңгілік  қазына»  ашық кітап көрмесі ұйымдастрылды.  Көрменің мақсаты - жас ұрпаққа кітап оқуды, жазғы демалыстарын кітаппен бірге өткізуді насихаттау, білімді ұрпақ болып  қалыптасуларына ықпал ету. Кітап көрмесіне балаларға арналған қызықты сан түрлі кітаптар, кітапханаға келп түсетін мерзімді басылымдар және аудио кітаптар қойылды. Аталмыш кітап көрмесіндегі «Балаларға арналған энциклопедия»  және «Ертегілер елінде», «Алдар көсе», «Күнді шақыру» кітаптары  балаларға толығырақ таныстырылып, қызықты ертегілер оқылды. Көрмені №26 «Тұлпар» балабақшасының тәрбиеленушілері тамашалады. Ашық көрме әрі қарай да жаз айлары бойы кішкентай оқырмандар арасында насихатталатын болады.