Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов туралы кітапхана оқырмандарына толығырақ ақпарат беру, әдебиет әлеміндегі алған орны, сіңірген еңбегі жайында  ақпараттар беруде «Әуезов әлемі» тақырыбында дауыстап оқу өтті.  Дауыстап оқу барысында  Мұхтар Әуезов туралы жарық көрген кітаптардан, мерзімді басылымдардан мәліметтер оқылды. Оқырманға қауымға танымал жазушының абайтанудағы ізденістері хақында М.Мырзахметұлының «Әуезов және Абай» кітабынан, қазақ фольклорының зерттелуіне қосқан үлесі жайында айтылатын Ә.Молдахановтың «Мұхтар Әуезов фольклортанушы» кітабынан және белгілі жазушы Зейнолла Қабдоловтың Мұхтар Әуезовке арналған 6-шы том  кітабынан ақпараттар оқылды. Сонымен бірге «Қазақ әдебиеті» газетінің № 2-3 санындағы Қ.Әбдезұлының «Әуезов ұлағаты» мақаласы  оқылып, оқырмандар ұлы жазушы туралы тың ақпараттар алды.