Облыстық арнаулы кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор, «Құрмет» орденінің иегері Донеділ Қажымовтың 70 жас мерейтойына орай, «Маэстро әлемі» атты сазды салон ұйымдастырылды.
Шара барысында оқырмандарға Донеділ Қажымовтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып, әндерінің шығу тарихы туралы баяндалды. Сонымен қатар Камалиден Айтбаев сазгердің «Ақжайық – ару мекенім», «Екеуміз» атты әндерін шырқап, шараның шырайын кіргізді.